Қазақстан муайтайдан өткен әлем чемпионатында үшінші орынға жайғасты

Қазақстан муайтайдан өткен әлем чемпионатында үшінші орынға жайғасты

Қазақстан муайтайдан өткен әлем чемпионатында жалпы есепте үздік үштікке кірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

10-20 қыркүйек аралығында Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында жастар, юниорлар және жасөспірімдер арасында муайтайдан әлем чемпионаты өтті.

Бәсекені Халықаралық муайтай федерациялары қауымдастығы (IFMA) ұйымдастырды. Чемпионатқа әлемнің 70 елінен келген 1200-ден астам үздік спортшы қатысты.

Қазақстан атынан ел ішіндегі іріктеу жарыстары – Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері арасынан таңдалған 62 спортшы сынға түсті. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы 7 алтын, 7 күміс және 20 қола медаль жеңіп алып, үздік үштікке кірді.

Чемпионат нәтижесі:

  • 1. Ресей
  • 2. БАӘ
  • 3. Қазақстан

Алматы облысының спортшысы Пірім Досхан 12-13 жас санатында «Үздік спортшы» атағына ие болды. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық құрамасына IFMA тарапынан арнайы марапат табысталды.

Түркістан қаласында бірегей спорт нысаны қолданысқа берілді

Қазақстан семсерлесуден кадеттер арасындағы Азия кубогында алтын медаль алды

Жағажай футболы: Қазақстан құрамасы Италиядағы турнирді жеңіспен бастады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или