16 жастағы қазақ қызы армрестлингтен әлем чемпионы атанды
Қазақстандық 16 жастағы Ұлболсын Елмұрат армрестлингтен Болгарияда өткен әлем чемпионатында 60 келіге дейінгі салмақта әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Финалда 16 жастағы қазақстандық спортшы 13 дүркін әлем чемпионы Словакия өкілі Лусия Дебранованы жеңіп шықты.
Бұл әлем чемпионатында алтын медальды тағы бірнеше қазақстандық спортшылар да жеңіп алды. Бір отбасының үш ағайындысы – 14 жастағы Бекнұр, 15 жастағы Азамат және 18 жастағы Әділет Ибрагим – әрқайсысы өз санатында әлем чемпионы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или