Қазақстандық әскери қызметшілер әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады

Қазақстандық әскери қызметшілер әлем чемпионатында алтын мен күміс олжалады

Арнайы операциялар күштерінің өкілдері Ақтауда жастар арасында өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем чемпионатында сәтті өнер көрсетті. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Халық Арена» спорт кешенінде өткен әлем біріншілігіне 23 елден 250-ден астам жас спортшы қатысты.

Жекпе-жекте татамиге шыққан әскери қызметшілер алтын мен күміс медаль еншіледі.

— Офицер-мерген лейтенант Дархан Жорағұл 97 келі салмақта алтын иеленсе, 88 келі салмақта топ сержанты — дене шынықтыру және жауынгерлік даярлық бойынша нұсқаушы сержант Азамат Асылбекұлы екінші сатысынан көрінді, — делінген ақпаратта.

Дархан Жорағұл Құрлық әскерлерінің әскери институтында оқып жүрген кезден бері спортпен шұғылдана бастады. Ол 2021 және 2024 жылдардағы жастар арасындағы халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Сержант Азамат Асылбекұлы қоян-қолтық ұрыстан 4 дүркін ел чемпионы, Қазақстан Кубогы және армиялық қоян-қолтық ұрыстан ТМД чемпионы.


«Тайсон» Ташкенттегі турнирде қарсыласын нокаутқа түсірді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или