«Тобыл» - «Астана» ойынында кімдер төреші болатыны анықталды

ҚФФ төрешілер және инспекторлар департаменті 20-турдың кейінге қалдырылған «Тобыл» - «Астана» матчының төрешілер құрамын тағайындады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ойынның бас төрешісі – Бjлат Сәриев. Оның көмекшілері – Антон Сысоев пен Мансұр Сайдуллаев. VAR жүйесіне жауапты – Денис Тевяшов, AVAR – Денис Лабашов. Қосымша төреші болып Сәкен Байымбет тағайындалды.
Матч 19:00-де басталады. Матчты Qazsport телеарнасы мен YouTube-тегі KFF League арнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Айта кетейік, екі команда да ҚПЛ турнирлік кестесінде бірінші орынға таласуда: «Астана» 47 ұпаймен екінші, ал «Тобыл» 44 ұпаймен және бір ойыны бар үшінші орында. «Қайрат» 49 ұпаймен көш бастап тұр.
ҚПЛ: «Тобыл» — «Астана» матчының тікелей трансляциясы
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Спортингке» жол берді
Transfermarkt Зайнутдинов, Әліп және Самородовтың бағасын жаңартты