«Астана» космандасының директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

«Астана» космандасының директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

«Астана» футбол клубының директорлар кеңесіне өзгерістер енгізілді: директорлар кеңесінің мүшесі болып Ибрагим Ақдрашевтың орнына Мәлік Хасенов тағайындалды, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлік Темірғалиұлы іс-шара мен концерттік жоспарлауда үлкен тәжірибесі бар маман. 2019 жылы Астанада өткен IIHF әлем чемпионатының штаб-пәтерін басқарды, ал 2018-2020 жылдар аралығында Астана футбол федерациясының президенті қызметін атқарды.

Еңбегі үшін Мәлік Хасенов «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік наградасымен марапатталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или