Ховард rain Найгард FaZe Clan сапынан ардагер кетуі мүмкін

Ховард rain Найгард FaZe Clan сапынан ардагер кетуі мүмкін

FaZe Clan CS2 құрамында өзгерістер болуы мүмкін — командадан Ховард rain Найгард кетуі ықтимал, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы инсайдер Алексей OverDrive Бирюков мәлімдеді. Ақпарат ресми түрде расталған жоқ. Дереккөзге сүйенсек, норвегиялық ардагердің орнына қазіргі уақытта Team Liquid сапында өнер көрсетіп жүрген канадалық киберспортшы Рассел Twistzz Ван Далкен келеді.

Rain FaZe Clan сапында 2016 жылдың қаңтарынан бері ойнап келеді. 2025 жылы ол командасымен бірге PGL Cluj-Napoca 2025 турнирінде 4-орын иеленді, ESL Grand Slam Season 5 жарысында үздік төрттікке енді және BLAST.tv Austin Major 2025 турнирінде 5–8 орынға табан тіреді. Найгард алдағы карьерасын қайда жалғасатыны әзірге белгісіз.

Қазір FaZe Сербияда өтіп жатқан FISSURE Playground 2 турнирінде өнер көрсетіп жатыр. Топтық кезеңде команда TheMongolZ құрамасынан жеңіліп, плей-оффқа шығу үшін Team Liquid-ке қарсы матч өткізеді. Турнирдің жүлде қоры — 500 мың доллар (шамамен 270 млн теңге).

Қазақстандық киберспортшы MIBR командасының сапына ауысты

Қазақ киберспортшысы Novaq командасынан кетті

Қазақстандық снайпер alkarenn Team Spirit академиясынан Heroic сапына ауысты

GamerLegion командасы Virtus.pro ұжымын жеңіп, IEM Cologne 2025 турнирінің топтық кезеңіне жолдама алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или