Махмұд Сабырхан әлем чемпионатының жартылай финалына шықты

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
55 келіге дейінгі салмақта ол ширек финалда жапониялық Руи Ямагучимен кездесті.
Жекпе-жекте ширақ қимылдап, айқын басымдық танытқан Махмұд төрешілердің бірауызды шешімімен жартылай финалға жолдама алды.
Осылайша, қазақстандық спортшы турнирдің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.
Еске салайық, World Boxing ұйымдастырып жатқан әлем чемпионаты 14 қыркүйекте аяқталады.
Ливерпульдегі ӘЧ: қазақстандық тағы бір боксшы жартылай финалға шықты
Бокстан ӘЧ: Қазақстан мен Өзбекстан текетіресінің жеңімпазы анықталды
Бекзат Нұрдәулетов бокстан 2025 жылғы әлем чемпионатын аяқтады
Бокстан әлем чемпионатында Ертуған Зейнуллинов ширек финалға өтті