«Реал» «Қайратқа» қарсы матч алдында нидерландтық футболшыны қатарына қоспақ

«Реал Мадрид» «Тоттенхэм» қорғаушысы Микки ван де Венге қызығушылық танытып жүр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Fichajes мәліметінше, «Тоттенхэм» 24 жастағы нидерландтық футболшы үшін шамамен 80 миллион еуро алғысы келеді.
2024/25 маусымында ван де Вен барлық турнирде 22 матч өткізіп, 2 нәтижелі пас берген. Оның келісімшарты 2029 жылдың 30 маусымына дейін есептелген.
Transfermarkt футболшының трансферлік құнын 50 миллион еуро деп бағалайды.
Айта кетейік, 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда Чемпиондар лигасының «Қайрат» — «Реал» матчы өтеді.
«Қайрат» – «Реал» матчына қатысты маңызды мәлімдеме жасалды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или