Алексей Qikert Голубев: «MIBR-мен жаңа тарих басталады»

Алексей Qikert Голубев: «MIBR-мен жаңа тарих басталады»

MIBR сапына қосылған қазақстандық киберспортшы Алексей Qikert Голубев командаға келгеннен кейінгі алғашқы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 жастағы спортшы өзінің X-тегі парақшасында биылғы жылдың соңына дейін бразилиялық клубта аренда негізінде ойнайтынын жазды. Оның айтуынша, бұл – үйден жырақта, жаңа ортада өзін қайта сынауға берілген ерекше мүмкіндік.

«Алдағы үш жарым айымды толықтай CS-ке арнаймын. Ойынға, жарыс процесіне, механикасына бар назарымды саламын. Командаға стратегия жағынан да, тәжірибеммен де көмектесуге бар күшімді жұмсаймын. Бұрынғыны ұмытыңыздар – жаңа тарих басталды», – деді Qikert.

Киберспортшы сондай-ақ Бразилиядағы уақытын барынша тиімді өткізуге ниетті екенін айтып, жанкүйерлеріне алғыс білдірді.

Қазақстандық снайпер alkarenn Team Spirit академиясынан Heroic сапына ауысты

GamerLegion командасы Virtus.pro ұжымын жеңіп, IEM Cologne 2025 турнирінің топтық кезеңіне жолдама алды

Virtus.pro ұжымы Tyloo командасын жеңіп, IEM Cologne турнирінің екінші кезеңіне өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или