Тимур buster Төлепов Novaq сапындағы кезеңін аяқтады

CS2 кәсіби ойыншысы Тимур buster Төлепов Novaq құрамындағы мансаптық кезеңін аяқтағанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Оның айтуынша, ол командаға 2025 жылдың маусымында стендин ретінде қосылған. Ынтымақтастық қысқа мерзімге жоспарланып, ойыншы тәжірибесімен бөлісіп, ұжымның дамуына көмектесуі тиіс болған.
Novaq сапында Тимур чемпиондық тәжірибелі жаттықтырушы Даурен AdreN Қыстаубаевтың жетекшілігімен 1xBet FRAG S15 турнирінде топ жарды және Myskill Pro League Season 2 финалында күміс жүлдеге қол жеткізді.
«Қазір мен еркін агентпін, жаңа мүмкіндіктерге ашықпын», – деді Төлепов.
Әзірге оның қай командада карьерасын жалғастыратыны және Novaq-та оны кім алмастыратыны белгісіз.
Virtus.pro ұжымы Tyloo командасын жеңіп, IEM Cologne турнирінің екінші кезеңіне өтті