UFC 319 турнирінде Хамзат Чимаев чемпион атанды

16-17 тамыз түні АҚШ-тың Чикаго қаласында UFC 319 турнирі өтті, деп хабарлайды Prosports.kz. Басты жекпе-жекте БАӘ атынан сынға түскен Хамзат Чимаев оңтүстікафрикалық Дрикус дю Плессиді ұтып, орта салмақта чемпиондық белбеуді иеленді.
Чимаев қарсыласын үш раунд бойы басымдықпен қыспаққа алып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жетті (50-44, 50-44, 50-44).
Турнирдің басқа нәтижелері: Лерон Мёрфи – нокаутпен Аарон Пиконы ұтты; Карлос Пратес – Джефф Нилді нокаутқа түсірді; Майкл Пейдж – Джаред Канноньені ұпаймен жеңді; Тим Эллиотт – Кай Асакураны қылқындыру әдісімен жеңді.
Сондай-ақ Байсангур Сусуркаев, Михал Олексейчук, Лупита Годинес, Александр Эрнандес, Драккар Клозе және Карин Силва өз қарсыластарынан басым түсті. Ал наилегчай салмақта өткен TUF 33 финалында америкалық Джозеф Моралес қазақстандық Әліби Ыдырысты екінші раундта қылқындыру әдісімен жеңіп, жобаның жеңімпазы атанды.