18 жастағы қазақстандық снайпер Heroic сапына ауысты

18 жастағы қазақстандық снайпер Heroic сапына ауысты

18 жастағы қазақстандық Әлімжан «alkarenn» Бітімбай Counter-Strike 2-ден Heroic командасының негізгі құрамына қосылды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ол 2025 жылдың соңына дейін жалға алынды. Бұл туралы норвегиялық ұйым өкілдері әлеуметтік желіде мәлімдеді.

Heroic — әлемдегі жетекші киберспорт ұйымдарының бірі, ол CS2, Dota 2, PUBG Mobile, Fortnite және Valorant ойындары бойынша командаларға ие. Counter-Strike 2 құрамында alkarenn негізгі снайпер gr1ks-тің орнына ойнайды, ол қазіргі таңда қосалқы құрамға жіберілді. Әлімжан сонымен қатар rifler ретінде де ойнай алады, бірақ оның негізгі рөлі — AWPer.

Бітімбай карьерасын қазақстандық Cube клубында бастаған. 2024 жылы ол Даниель «SYPH0» Ағаевпен бірге Team Spirit Academy құрамына қосылып, олардың тиммейті Максим «kyousuke» Лукин болды. Spirit академиясында Әлімжан шамамен 260 матч өткізіп, орташа рейтингі 1.10 болды. Ең үздік ойындарының қатарында ENCE (рейтинг 1.38) және Alliance (1.31) командаларына қарсы матчтар бар.

Heroic құрамына ол Esports World Cup 2025 турнирінде қосылады. Ұйым ойыншыны жалға алу мерзімі аяқталған соң толық сатып алу құқығын сақтап отыр. Алайда алдағы BLAST Bounty Season 2 турнирінде Heroic-тің жабық ростеріне байланысты снайпер ретінде академиядан Scr0b ойнайды.

Қазіргі таңда тир-1 сахнада alkarenn-мен қатар AWPer позициясында тағы екі қазақстандық өнер көрсетуде: Қайсар «ICY» Файзнуров (Virtus.pro) және Данил «molodoy» Голубенко (FURIA).

GamerLegion командасы Virtus.pro ұжымын жеңіп, IEM Cologne 2025 турнирінің топтық кезеңіне жолдама алды

Virtus.pro ұжымы Tyloo командасын жеңіп, IEM Cologne турнирінің екінші кезеңіне өтті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или