«Слован» және «Қайрат» матчының төрешілері анықталды

UEFA Чемпиондар лигасында өнер көрсетіп жатқан қазақстандық клубтың қарымта матчтағы төрешілері белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Үшінші іріктеу кезеңінде өтетін «Слован» (Братислава) және «Қайрат» арасындағы матчқа тәжірбиелі франциялық төреші Бенуа Бастьен басқаратын төрешілер тобы тағайындалды.
Төрешілер құрамына енгендер:
- Төрешінің көмекшілері: Хишам Закрани және Орельен Бертомье
- Төртінші төреші: Томас Леонард
- VAR төрешісі: Бенуа Мийо
- VAR көмекшісі: Жереми Пиньяр
6 тамызда Алматыда өткен бірінші кездесуде «Қайрат» минималды есеппен (1:0) жеңіске жеткен еді. Жеңіс голын соңғы минутта Дастан Сатпаев пенальтиден салды.
Айта кетейік, қарымта матч 12 тамыз күні «Tehelné pole» стадионында өтеді.
«Қайрат» – «Слован» матчына бейнешолу
Егор Сорокин: «Чемпиондар лигасында жеңіл қарсылас болмайды»
Владимир Вайсс «Қайраттағы» естеліктері, Сәтпаев, Боранбаев жайлы айтты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или