Конференция лигасы. «Астана» Швейцарияда «Лозаннадан» жеңіліп қалды

Бүгін елордалық «Астана» сырт алаңда швейцариялық «Лозанна» командасына қарсы кездесу өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кездесу Лозанна қаласындағы «Стад де ла Тюльер» стадионында өтті. Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңі аясындағы ойында астаналық команда 1:3 есебімен жеңіліп қалды. Бірінші таймның 24-минутында алаң иелері сапындағы Джейми Орельяна матчтағы алғашқы голды соқты. Ал ойынның 42-минутында Мамаду Кали Сене есепті еселеді.
Екінші таймда швейцариялық клуб үшінші голын соқты - Альбан Адждини көзге түсті. Матч соңына қарай «Астана» өз жанкүйерлеріне үміт сыйлады - 90-минутта Иван Башич есеп айырмасын қысқарта алды. Осылайша, матч «Лозанна» пайдасына 3:1 есебімен аяқталды.
Астанадағы қарымта ойын 14 тамызда Қазақстан уақытымен 19:00-де басталады.
Айта кетейік, «Астана» еурокубок маусымын молдовалық «Зимбруды» 3:1 есебімен жеңумен бастаса, швейцариялық клуб солтүстік македониялық «Вардардан» 6:2 есебімен басым түсті.
Конференция лигасы. Үшінші іріктеу кезең
«Лозанна» (Лозанна, Швейцария) - «Астана» (Астана, Қазақстан) 3:1 (2:0)
Голдар: Орельяна 24, Кали Сене 42, Адждини 72, Башич 90
Егор Сорокин: «Чемпиондар лигасында жеңіл қарсылас болмайды»
Владимир Вайсс «Қайраттағы» естеліктері, Сәтпаев, Боранбаев жайлы айтты
«Қайрат» — «Слован»: Жасанды интеллект жеңімпазды анықтады