Дортмундтық клуб өз түстерін саясатқа пайдалануға қарсы шықты

«Боруссия Дортмунд» футбол клубы Германиядағы AfD партиясының үгіт-насихат материалдарын қолдануына заңды түрде шектеу қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған себеп — партияның сайлауалды жарнамасында клубтың сары-қара түстерін пайдаланып, оны саяси көзқараспен байланыстырмақ әрекеті.
Клуб бұл жағдайға дереу әрекет етіп, заңды шағым түсірді. Нәтижесінде, Дортмунд қаласындағы партия бөлімшесі аталмыш жарнама науқанын тоқтатып, болашақта клуб түстерін пайдалануына заңмен белгіленген айыппұл салынатынын ескеріп, мұндай әрекеттерден бас тартуға міндеттелді.
Дауға себеп болған жарнамада: «Футболда — сары-қара, жексенбіде — көк» деген жазу болды. Бұл жазба 14 қыркүйекте өтетін Солтүстік Рейн-Вестфалиядағы сайлаумен байланыстырылып, «Боруссия» жанкүйерлері AfD-ге дауыс беруі керек деген астар қалдырған. Клуб бұл әрекетті өз құндылықтарына қайшы деп танып, саясат пен футболды араластыруға қарсылық білдірді.
AfD партиясының өкілі Маттиас Хельферих бұл жағдайға әлеуметтік желідегі жазбасында ирониямен жауап беріп, тіпті «Шальке» жанкүйерлерін де дауыс беруге шақырған.
«Барселона» «Камп Ноуға» оралуға жақын
2025 жылғы «Алтын доп» иегері клуб ауыстырмауы мүмкін
Зорлық-зомбылық бойынша айыпталған футболшы испаниялық клубқа ауыспақ