Кирилл Герасименко Жапонияда өтетін турнирге қатысады

7 тамыз күні Жапонияның Иокогама қаласында үстел теннисінен халықаралық WTT Champions Yokohama 2025 турнирі басталады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Аталған жарысқа әлемдік үстел теннисінің көшбасшылары қатысады.
Жапонияда өнер көрсететін спортшылар қатарында: Линь Шидун (Қытай, әлемдік рейтингте №1), Ван Чуцин (Қытай, №2), Томоказу Харимото (Жапония, №4), Трульс Морегорд (Швеция, №6), Феликс Лебрун (Франция, №7), Лин Юн-Джун (Қытай Тайбэі, №8), Дарко Йоргич (Словения, №9), Сян Пэн (Қытай, №10) және басқалар бар.
Қазақстан атынан бұл турнирге Кирилл Герасименко (әлемдік рейтингте №53) қатысады.
Елена Рыбакина «Мастерс» турнирінің жартылай финалына шықты
Жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатындағы қазақстандық спортышалрдың қарсыластары анықталды