Қытайдағы этникалық қазақ Тайлак Нуражы UFC-де дебютін өткізеді

Қытайдағы этникалық қазақ Тайлак Нуражы UFC-де дебютін өткізеді

23 тамыз күні Қытайдағы этникалық қазақ Тайлақ Нуражы (11-1) UFC-де дебютін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Спортшы Қытайдың Шанхай қаласында өтетін UFC Fight Night 257 турнирінде ирландиялық файтер Кифер Кросбимен (10-5) кездеседі. Бұл кездесу жартылай орта салмақта өтеді. Бұл туралы ММА әлеміндегі танымал инсайдер Марсель Дорфф хабарлады.

Тайлак Нуражы кейінгі жекпе-жегін былтыр тамызда өткізіп, алғашқы раундта қазақстандық Кирилл Карпекинді (2-2) нокаутпен жеңген еді. Қазіргі таңда Нуражы еншісінде қатарынан бес жеңіс бар. Ал оның келесі қарсыласы Кифер Кросби де былтыр жаздан бері жекпе-жек өткізбеді. 2024 жылы шілдеде өткен кездесуде ол англиялық Сэм Паттерсоннан (13-2-1) алғашқы раундта жеңілген болатын. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или