Эдуард Базров UFC-дің үш символын атады

DAR Team командасының бас бапкері Эдуард Базров Betonmobile.ru сайтына берген сұхбатында әлемдегі үздік ММА промоушенімен байланыстыратынын үш спортшыны атады, деп хабарлайды Prosports.kz.
— Октагонда Джон Джонсты көргім келеді. UFC-ді үш спортшымен байланыстырамын: Джон Джонс, Конор Макгрегор және Хабиб Нурмагомедов. Олардың жекпе-жектерін көру әрдайым қызық болатын. Мүмкін, Джонс оралатын шығар, көре жатармыз, — деді Эдуард Базров тілші Александр Гордополовпен әңгімесінде.
Айта кетейік, маусым айының соңында Джон Джонс карьерасын аяқтағанын жариялаған болатын, алайда араға аз уақыт салып, оралу мүмкіндігі жайлы мәлімдеді.
Еске салайық, 2023 жылы наурызда Джон Джонс UFC-ге оралып, Сирил Ганмен жекпе-жекте бірінші раундта жеңіске жетіп, ауыр салмақтағы чемпион атанған. Кейін, 2024 жылдың қарашада, ол Стипе Миочичті техникалық нокаутпен жеңіп, титулын сәтті қорғаған еді.
Аты аңызға айналған ринг-анонсер әлі қанша жұмыс істейтінін айтты
Тайлақ Нұражы UFC турнирінде алғаш рет октагонға шығуы мүмкін