Тайлақ Нұражы UFC турнирінде алғаш рет октагонға шығуы мүмкін

Тайлақ Нұражы UFC турнирінде алғаш рет октагонға шығуы мүмкін

Қытайда тұратын этникалық қазақ Тайлак Нұражы 23 тамызда Шанхайда өтетін UFC Fight Night турнирінде алғаш рет өнер көрсетуі мүмкін, деп хабарлайды  Prosports.kz.

Журналистердің дерегінше, Тайлак жарақат алған спортшының орнына жекпе-жекке шығуы ықтимал. Қазіргі таңда ресми растау болмаса да, оның жартылай орта салмақта ирландиялық Кифер Кросбиге қарсы шығуы мүмкін деген болжам бар. Бұл айқаста ол Қытайдың танымал файтері Сонг Кенанның орнын басуы ықтимал.

Нұражы бұған дейін Қытайдағы промоушендерде көзге түсіп, шабуылдаушы стилімен танылған болатын. Ол соңғы бірнеше жекпе-жегінде қарсыластарын уақытынан бұрын жеңіп жүр.

Осы кеште тағы екі қазақстандық — Дияр Нұрғожай мен Максат Қайсар да октагонға шығады. Дияр Қырғызстан өкілі Уран Сатыбалдиевпен, ал Максат Гейджи Янгпен күш сынасады.

UFC 319 турнирінің басты карды жарияланды

Танымал поп-ММА спортшысы алаяқтық ісі бойынша іздестіріліп жатыр

Асу Алмабаевтың келесі қарсыластары туралы сөз қозғалды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или