Бауыржан Исламхан «Астана» клубымен келісімшартқа отырды

Жартылай корғаушы Бауыржан Исламхан «Астана» клубымен осы жылдың соңына дейін келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Исламхан 2013 жылы елордалық, клубтың намысын корғап, жарты маусымда 8 ойын өткізген.
«Казіргі таңда Бауыржан өз бабынан әлі алыста екенін жақсы түсініп отырмыз. Жарақатынан кейін ол бұрынғы қалпына келуі үшін уақыт қажет. Мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Сондықтан Исламханның ұлттык, құрама мен отандық футболдағы енбегін ескере отырып, клуб оның толық, калпына келуіне кемектесу дұрыс деп шешті. Біз оған уақыт керек екенін түсінеміз. Қазір ол біздің, мақсаттарымызды орындауға тікелей көмектесе алмайды. Соған қарамастан, оның, жоғары деңгейдегі футболшы екеніне еш күмәніміз жоқ. «Астана» оған қайта қалпына келуге, бұрынғы бабына еніп, қазақстандық жанкүйерлерді ойынымен кайта қуантуға мүмкіндік беруге дайын», - деді «Астана» клубының, басшысы Саян Хамитжанов.
Исламханның кейінгі клубы «Тұран» болды, бірақ денсаулығына байланысты биылғы маусымда бірде-бір кездесу өткізген жоқ. Әр жылдары Бауыржан «Қайрат», «Каису», «Кубань» командаларында ойнады, сонымен қатар ұзақ уақыт Қазақстан құрамасының капитаны болды. «Астанаға» оралу оның мансабын жоғары деңгейде жалғастыру мүмкіндігі болуы мүмкін.