Қазақстандық ойыншы молдовалық клубқа ауысады

Қазақстандық ойыншы молдовалық клубқа ауысады

23 жастағы қазақстандық қорғаушы Мәди Шауалиев Молдованың «Политехника УТМ» командасына ауысуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мәди Шауалиев мансабын елордалық «Астана» жастар құрамасында бастады. Содан кейін ойыншы украиналық «Николайв U-17», «Жас Сұңқар» және «СД Family» командаларында өнер көрсетті. Қорғаушы қырғыздың «Алдиер Куршаб», ресейлік «Армавир» және армяндық «Никарма» командаларында да ойнады.

Дереккөздің айтуынша, қазақстандық қазір «Политехника-УТМ» компаниясымен келіссөздер жүргізіп жатыр. Шешім жақын арада қабылдануы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или