Янник Синнер допинг дауына байланысты жұмыстан шығарылған бапкерімен қайта жұмыс істейтін болды

Янник Синнер допинг дауына байланысты жұмыстан шығарылған бапкерімен қайта жұмыс істейтін болды

Италиялық теннисші, әлемнің бірінші ракеткасы Янник Синнер фитнес-бапкер Умберто Феррарамен ынтымақтастығын  жалғастыратын болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл туралы Синнердің командасы Ubitennis мәлімдеді.

Синнер допинг дауына байланысты Феррараны командасынан шығарған болатын. Сол кезде теннисші екі рет кломастеболға оң нәтиже көрсеткен допинг-сынамалар тапсырған. Теннисшінің қорғаушылары бұл зат Синнердің ағзасына дәл сол Феррара сатып алған жақпа май арқылы түсті деп мәлімдеген.

Синнердің командасынан кеткеннен кейін Феррара Маттео Берреттинимен жұмыс істеп үлгерді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или