Путинцева Вашингтондағы турнирде Осакаға есе жіберді

Путинцева Вашингтондағы турнирде Осакаға есе жіберді


Вашингтонда өтіп жатқан WTA 500 санатындағы Mubadala Citi DC Open турнирінің алғашқы кезеңінде Юлия Путинцева мен Наоми Осака кездесті.

Кортқа Қазақстанның екінші ракеткасы мен «Үлкен дулыға» турнирлерінің төрт дүркін жеңімпазы шықты. Ойын екі сетке ғана созылып, Осака 6:2, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Жекпе-жек 1 сағат 31 минутқа созылды. Путинцева төрт эйс жасап, үш брейк-пойнттың екеуін тиімді пайдаланды. Бірақ төрт қос қате жіберді. Ал Осака сегіз эйс орындап, тоғыз брейк-пойнттың үшеуін іске асырды, алайда ол да алты қос қате жасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или