Қазақстандық теннисші Гштаадтағы турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында өтіп жатқан ATP-250 турнирінің жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнирдің ширек финалында қазақстандық спортшы аргентиналық Франсиско Комесануды 6:4, 6:3 есебімен жеңді.
Кездесу 1 сағат 13 минутқа созылды.
Бұған дейін теннисшілер бір-бірімен кездеспеген.
Айта кетейік, Гштаадтағы турнир 14-20 шілде аралығында өтеді. Турнирдің қазіргі чемпионы — италиялық Маттео Берреттини, алайда ол бұл жолы атағын қорғаудан бас тартты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или