Қазақстандық жұп әртістік жүзуден әлем чемпионатының финалына шыға алмады

Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ҰОК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 шілдеде әртістік жүзуден жұптық сайыс аяқталды.
Қазақстанның атынан техникалық бағдарламаның жұптық сынында Ясмина Тұяқова мен Арина Пушкина өнер көрсетті.
Олар 249.1542 ұпай жинап, жарысты 16-орынмен аяқтады.
Айта кетейік, бұған дейін жекелей сайыста Карина Магрупова финалға өткен болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или