Алдағы апта Астанада теннистен Қазақстан чемпионаты басталады

21-26 шілде аралығында Астана қаласында теннистен ересектер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz. тілшісі ҰОК-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аталмыш жарысқа тәжірибелі спортшылармен қатар жас теннисшілер де қатысады.
Атап айтсақ, чемпионатта Қазақстан құрамасының мүшесі Әмір Омарханов, Жібек Құламбаева, Сандуғаш Кенжебаева және Аружан Сағындықова өнер көрсетеді.
Айта кетейік, турнир Beeline Arena теннис орталығында өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или