Нейт Диас октагонға оралу жөнінде мәлімет берді

Нейт Диас октагонға оралу жөнінде мәлімет берді

UFC ұйымындағы атышулы жекпе-жек шебері Нейт Диас кәсіби спорттан кеткеніне қарамастан, спорт әлеміндегі белсенділігін жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz

Боксқа ауысқанымен, алғашқы жекпе-жекте Джейк Полға төрешілер шешімімен жеңіліп қалған Диас үлкен мақсаттардан бас тартпайды.

Диас қазіргі таңда кіммен кездескісі келетінін ашық айтты:

«Егер қазір кез келген спортшымен жекпе-жекке шығуға мүмкіндік болса, мен Конор Макгрегордың оралуын қалар едім. Черт, Конор! Оның қайтып келгенін көру – керемет болар еді. Оны бәрі жек көреді. Бірақ менімен жекпе-жекке шығуы мүмкін».

Сондай-ақ ол қазіргі таңда басты мақсаты ретінде Канело немесе Кроуфордпен кездесуді атады:

«Бокс туралы айтсам, мені Кроуфорд немесе Канело қызықтырады. Бұл – менің жоспарым».

Нейт Илие Топурияны мақтап, оның жақсы өнер көрсетіп жүргенін атап өтті, алайда салмақ айырмашылығы кедергі екенін де жасырмады.

Айта кетейік, Теренс Кроуфорд Канеломен болатын жекпе-жек үшін екі салмақ дәрежесіне көтеріледі. Бұл жекпе-жек 13 маусым күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena аренасында өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или