Қазақстандық лига OCTAGON 76 тизерін жариялады

Қазақстандық лига OCTAGON 76 тизерін жариялады

Еуразиялық жекпе-жек лигасы ұйымның жартылай орта салмақтағы чемпионы қазақстандық Георгий Кичигин (32-10) қатысатын OCTAGON 76 турнирінің тизерін жариялады, деп жазады Prosports.kz.

Шара сенбі, 26 шілдеде Алматыда өтеді. Жекпе-жек кешінің басты кездесуінде Георгий Кичигин бразилиялық Педро Фарриаспен (10-9) жұдырықтасады.

Сондай-ақ, Олжас Есқараев (16-8) сегізбұрышқа шығады, оның қарсыласы тағы бір бразилиялық файтер Диего Силва (10-6) болмақ. Алдағы аралас жекпе-жек кешіне билеттерді zakazbiletov.kz сайтынан сатып алуға болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или