Теннис. ATP қорытынды турнирінің орны өзгермейді

ATP финалы Италияның Турин қаласында кем дегенде 2026 жылға дейін өтеді, деді Италия теннис федерациясының президенті Анджело Бинаги, деп хабарлайды Prosports.kz.
Кем дегенде 2026 жылға дейін Туринде ATP финалы өтеді, біз турнирді осында ұстап тұру үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз, - деді Анджело Бинаги
Италияның теннис федерациясының Италия үкіметінің жаңа қаулыларының біріне байланысты турнирді Туриннен көшіру мүмкіндігіне алаңдайтыны, бұл федерацияның турнирді ұйымдастыру құзіретін шектеп, оны елде өткізуге қауіп төндіруі мүмкін екені атап өтілген.
2024 жылдың қарашасында ATP төрағасы Андреа Гауденци Италия федерациясымен финалды өткізу туралы келісімшарт 2030 жылға дейін есептелгенін хабарлады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или