Еркебұлан Тоқтар жас қарсыластың сөзіне жауап берді

Еркебұлан Тоқтар жас қарсыластың сөзіне жауап берді


Белгілі актер, OCTAGON лигасының BMF белбеуінің иегері Еркебұлан Тоқтар (10-3) өзін ашық айқасқа шақырған әріптесі Дамир Рахимжановқа (1-0) жауап қатты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дамир Рахимжанов: «Жастарға жол бер! Артыңнан дем алып тұрғанды байқаған шығарсың», – деп Тоқтардың белбеуіне таласатынын мәлімдеген еді.

Еркебұланның жауабы көп күттірмеді: «Жол сұрайтын сәт – тығырыққа тірелгенде келеді. Саған әлі жүру керек». 

 Айта кетейік, 2025 жылы 24 ақпанда Еркебұлан Тоқтар танымал тәжік файтері Камиль Каратеға қарсы айқаста жеңіске жетіп, жеңіл салмақтағы BMF белбеуін жеңіп алған болатын.

Еске салайық, 26 шілде күні Алматыда өтетін OCTAGON 76 турнирінің басты жекпе-жегінде Георгий Кичигин (32-10) мен бразилиялық Педро Фарриас (10-9) кездеседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или