Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Су спорты түрлерінен әлем чемпионаты: Қазақстандық спортшылардың нәтижесі

Қазіргі уақытта Сингапурда су спорты түрлерінен әлем чемпионаты өтуде. Қазақстан құрамасы алғаш болып 10 шақырым қашықтыққа ашық суда жүзуден сынға түсті.

Отандастарымыз жүлдеге қол жеткізе алмады. Лев Черепанов 30-орынға жайғасты. Әйелдер арасында Дарья Пушко 47-орынды иеленсе, Мария Федотова мәре сызығына жете алмады.

Ерлер арасында алтын медальді Германия спортшысы Флориан Велльброк жеңіп алды. Күміс жүлде италиялық Грегорио Пальтриньериге, ал қола - аустралиялық Кайл Лиге бұйырды.

Әйелдер арасында аустралиялық Мойша Джонсон жеңіске жетті. Күміс жүлдені италиялық Джиневра Таддеучи, ал қола медальді Монако өкілі Лиза Пу жеңіп алды.

Айта кетейік, ашық суда жүзуден келесі медальдар жиынтығы 18 шілдеде сарапқа салынады.

Дереккөз: Olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или