UFC-дің экс-чемпионы Чимаев - Дю Плесси жекпе-жегіне болжам жасады

UFC-дің экс-чемпионы Чимаев - Дю Плесси жекпе-жегіне болжам жасады


UFC-дің бұрынғы чемпионы Эдди Альварес 17 тамыз күні UFC 319 турнирінде өтетін Хамзат Чимаев пен Дрикус Дю Плесси арасындағы титулды жекпе-жекке өз болжамын айтты.

– Чимаевқа қарсы бәс тігу маған қиын. Ол өте мықты. Бірақ Дрикус – өзгеше жігіт. Оның жекпе-жектері сырт көзге ұнамсыз көрінуі мүмкін. Бірақ ол үнемі өз дегеніне жетеді. Жоғалмайтын төзімі бар. Ол – ММА-дағы ең еңбекқор жігіттердің бірі. Қандай формада шықса да, жолын табады. Сондықтан оны есептен шығарып тастауға болмайды. Дегенмен, менің ойымша, бұл кездесуде Чимаев жеңеді. Бірақ жекпе-жек екі раундтан ұзаққа созылса, Дрикус басым түсуі мүмкін, – деді Альварес Helen Yee Sports арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, Хамзат Чимаев әзірге 14 кездесу өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал Дрикус Дю Плесси 24 жекпе-жектің 22-сінде жеңген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или