Клубтар арасындағы ӘЧ: көрермен ең көп жиналған матч аталды

АҚШ-та клубтар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Финалда париждік ПСЖ лондондық «Челсиден» 3:0 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.
Финал «Метлайф Стэдиум» аренасында өтті. Оған 81 118 көрермен жиналды — бұл турнир тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
Ең көп көрермен жиналған ойындар қатарында ПСЖ – «Атлетико» (80 619 көрермен) және ПСЖ – «Реал» (77 542 көрермен) матчы бар.
Жалпы алғанда, клубтар арасындағы әлем чемпионаты қызығушылық жоғары болды:
-
Орташа көрермен саны – 39 557 адам;
-
Жалпы көрермен саны – шамамен 2,5 миллион;
-
Стадиондардың орташа толымдылығы – 62 пайыз.
Плей-офф кезеңінде қызығушылық айтарлықтай артты – орта есеппен 54 мың адам, ал трибуналардың 76 пайызы толды.
Көрермен қызығушылығы бойынша көшбасшы – «Реал Мадрид». Олардың ойындары 95 пайыздық толымдылықпен өтті. Ал ең төмен көрсеткіш жапониялық «Урава» клубында болды. Бұл команданың матчтарында стадион тек 23 пайызы ғана толды.