«Алтын допқа» негізгі үміткерлердің рейтингі жарияланды
Танымал Give me Sport порталы 2025 жылғы «Алтын допқа» негізгі үміткерлердің рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты championat.com-ға сілтеме жасап.
«ПСЖ» шабуылшысы Усман Дембеле жүлденің басты фавориті болып қала береді, одан кейін «Барселонаның» вингері Ламин Ямаль.
Үшінші орынды «ПСЖ»жартылай қорғаушысы Витинья иеленді. Төртінші орында «Барселонадан» Рафинья болса, бесінші орынға Премьер-Лиганың үздік сұрмергені «Ливерпульден» Мохамед Салах орналасты.
Айта кетейік, 2025 жылғы «Алтын допты» марапаттау рәсімі 22 қыркүйекте Парижде өтеді. Үміткерлер 7 тамызда белгілі болады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или