Луис Энрике «Челси» ойыншысына шабуылдағаны үшін қалай жазаланады?

«Пари Сен-Жермен» клубының бас бапкері Луис Энрике «Челси» шабуылшысы Жоао Педроға шабуылдағаны үшін қатаң жаза алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz
Оқиға Клубтар арасындағы әлем чемпионатының финалынан кейін орын алған. Бұл ойында париждік команда лондондықтардан 0:3 есебімен жеңілген еді. Матч аяқталған соң Луис Энрике Жоао Педроны итеріп жіберіп, одан кейін бразилиялық ойыншыға екі рет соққы жасаған. Кездесуді басқарған аустралиялық төреші Алиреза Фагани бұл әрекетке қызыл кағаз көрсетпегенімен, ФИФА-ның тәртіптік комитеті ПСЖ бапкеріне жаза қолдануға толық құқылы.
Le Parisien мәліметінше, Луис Энрике кем дегенде үш халықаралық матчтан шеттетілуі мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или