Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Германия құрамасының бұрынғы бас бапкері Йоахим Лёв Өзбекстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Шетелдік басылымдар хабарлағандай, Өзбекстан футбол қауымдастығы неміс маманымен келіссөзді бастап кеткен. Егер Лёв ұсынысты қабылдаса, оның бапкерлер штабына команданың қазіргі бас бапкері Тимур Кападзе қосылады.

Өзбекстан құрамасы тарихта алғаш рет әлем чемпионатына қатысады. Команда 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алды.

Лёв 2006-2021 жылдар аралығында Германия құрамасының бас бапкері болып жұмыс істеген. Оның жетекшілігімен команда 2014 жылы Бразилияда өткен әлем чемпионатында және 2017 жылы Ресейде өткен Конфедерация кубогында жеңіске жетті. 2021 жылдан бері маман ешбір командада жұмыс істеген жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или