Пимблетт сүйікті файтерлері мен арман аренасын атады

UFC-дің жеңіл салмақтағы файтері Пэдди Пимблетт британиялық журналистерге берген блиц-сұхбатында аралас жекпе-жек тарихында есімдері қалған сүйікті спортшыларын атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz allboxing сайтына сілтеме жасап.
Пимблеттің айтуынша, ол жекпе-жектерін тамашалағанды ең ұнататын спортшы — Куинтон Джексон. Ал Ұлыбританиядағы ең мықты файтер ретінде Майкл Биспингті атады. UFC тарихындағы үздік жеңіл салмақ өкілдері ретінде Би-Джей Пенн мен Джо Стивенсонның есімін ерекше атады.
Жекпе-жек өткізетін сүйікті қалаларының қатарында Лас-Вегас пен Майамиді атап өткен Пимблетт болашақта туған қаласы Ливерпульде октагонға шығуды армандайтынын да жасырмады.
Оның пікірінше, ең үздік нокаутер — Макс Холлоуэй, ал UFC-дің жалпы рейтингінде бірінші орында — Джон Джонс. Айта кетейік, Пимблеттің кәсіби рекорды — 23 жеңіс және 3 жеңіліс. Ол жеңіл салмақтағы чемпион Илия Топурияға қарсы ықтимал қарсылас ретінде қарастырылып жүр.