Трамптың қызы UFC-дің Ақ үйдегі турнирін өткізумен шұғылдандады

UFC президенті Дана Уайт лиганың Ақ үйде турнир ұйымдастыру жоспары жайлы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz «Спорт Шрёдингера» басылымына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, бұл жобаны АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамптың қызы Иванка Трамп басқарып отыр. «Командам Ақ үйге барып, барлық логистикалық мәселені тексеріп шықты. Қазір толық жоспар дайындап жатырмыз. Оны бір-екі апта ішінде Дональд Трампқа таныстыруды көздеп отырмыз», – деді Уайт.
Сондай-ақ ол Трамп бұл идеяны жариялаған күні-ақ Иванканы жауапты адам ретінде бекіткенін атап өтті. «Ол кісінің қызына дейін жұмыс істеп көргенмін. Енді міне, бәрі нақты іске айналғалы тұр. Ендігі қадам — дайын жобаны президентке ұсыну», – деді UFC басшысы.
Жоспар жүзеге асса, кештің басты жекпе-жегінде Джон Джонс пен Том Аспиналл кездесуі мүмкін. Сондай-ақ Конор МакГрегордың да октагонға шығу ықтималдығы бар.