Дана Уайт: UFC Бен Аскренге көмектесіп жатыр

UFC президенті Дана Уайт ұйымның бұрынғы файтері Бен Аскреннің жағдайына байланысты пікір білдірді. Белгілі болғандай, жазда Аскрен ауыр пневмониямен ауруханаға түсіп, өкпе трансплантациясын өткерген болатын, деп хабарлайды Prosports.kz Allboxing сайтына сілтеме жасап.
— Біз Беннің жағдайын ести сала, бірден оның жұбайымен байланысқа шықтық. Қолымыздан келген көмекті көрсеттік. Мұндай дүниелерді көпшілікке жариялап айтуды ұната бермеймін, бірақ иә — UFC оған көмектесіп жатыр, — деді Уайт Нэшвиллдегі турнирден кейінгі баспасөз мәслихатында.
Еске салайық, маусым айында 40 жастағы Бен Аскрен ауруханаға жатқызылып, күрделі операция жасалғаны хабарланған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или