Махачев пен Маддалена жекпе-жекке жақын: Рахмонов күте тұрады

Махачев пен Маддалена жекпе-жекке жақын: Рахмонов күте тұрады

Ислам Махачевтің командасы UFC 322 турниріне қатысу жоспарын құрып отыр. Ресейлік файтердің менеджері Ризван Магомедовтың айтуынша, келесі қарсылас ретінде австралиялық Джек Делла Маддалена қарастырылып жатыр. Жекпе-жек қарашада Нью-Йоркте өтеді деп күтілуде.

Магомедовтың сөзінше, келісім әлі толық бекіген жоқ, бірақ команда дәл осы турнирде өнер көрсетуге ниетті. Бұған дейін Махачев жеңіл салмақтағы UFC белдігін босатып, енді жартылай орта салмақтағы атақ үшін күресуге бет бұрғаны хабарланған болатын.

Маусым айында-ақ Махачевтің өкілдері ұйымның жекпе-жекті қазан немесе қараша айына жоспарлап отырғанын мәлімдеген. Ал екінші менеджері Али Абдель-Азиз шайқастың АҚШ-та және әлемдегі ең үлкен ареналардың бірінде өтетінін айтқан — бұл сипаттамаға әйгілі “Мэдисон-сквер-гарден” дәл келеді.

Айта кетейік, осы салмақта өнер көрсететін қазақ файтері Шавкат Рахмонов та өз мәлімдемесінде тек титулдық жекпе-жекке ғана шығатынын айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или