2030 жылғы әлем чемпионатының финалы «Сантьяго Бернабеуде» өтеді

2030 жылғы әлем чемпионатының финалы жаңартылған «Сантьяго Бернабеуде» өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Marca басылымы хабарлады. Дереккөздің хабарлауынша, ФИФА мен «Реал» турнирдің финалдық ойынын Мадридтегі стадионда өткізу туралы келісімге келген.
2030 жылғы әлем чемпионаты 13 маусым мен 21 шілде аралығында Испания, Португалия және Мароккода өтеді. Уругвай, Аргентина және Парагвай турнирдің бір ашылу матчын қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или