Нэшвиллдегі UFC турниріне қатысатын файтерлер көз түйістірді. Видео

13 шілдеге қараған түні Нэшвиллде (АҚШ) UFC турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Турнир Қазақстан уақыты бойынша 03:00-де басталады, негізгі кард 06:00-де басталады.
Турнирдің басты кездесуінде нокаут саны бойынша UFC рекордсмені және ауыр салмақ санатындағы рейтингте тоғызыншы нөмірді иеленген Деррик Льюис дивизиондағы ең үздік файтерлер тізімінде он үшінші, жеңіліп көрмеген Таллисон Тейшейрамен кездеседі.
Нэшвиллдегі UFC турнирінің толық карды:
Басты кард
Деррик Льюис — Таллисон Тейшейра
Стивен Томпсон — Габриэль Бонфим
Келвин Кэттер — Стив Гарсия
Нэйт Ландвер — Морган Чаррье
Витор Петрино — Остен Лэйн
Джуниор Тафа — Туко Токкос
Прелим
Макс Гриффин — Крис Кертис
Джейк Мэттьюс — Чиди Нжокуани
Лорен Мерфи — Эдуарда Моура
Кеннеди Нзечакву — Вальтер Уокер
Митч Рамирез — Майк Дэвис
Фатима Клайн — Мелисса Мартинез