«Тұран» ресейлік қақпашыны қатарына қосты

Түркістандық «Тұран» ресейлік қақпашы Евгений Гошевпен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
28 жастағы қақпашы кәсіби мансабын 2015 жылы «Ростов» сапында бастады. Кейіннен ол «Шинник» (Ярославль) және «Оренбург» клубтарында ойнады. 2023 жылы «Динамо» Махачкала клубында өнер көрсетсе, 2024 жылы маусымды «Тюменьде» өткізді.
Енді бойы 2 метрге жуық қақпашы Қазақстан чемпионатында өнер көрсетпек.
15 турдан кейін «Тұран» 11 ұпаймен Қазақстан Премьер-Лигасының турнирлік кестесінде 13-орында тұр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или