Жеті гол соғылған ойын. «Ордабасы» еуромаусымды сәтсіз бастады

Жеті гол соғылған ойын. «Ордабасы» еуромаусымды сәтсіз бастады

Шымкенттік «Ордабасы» Конференция лигасы бірінші іріктеу кезеңін қонақтағы жеңіліспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Ордабасының» алғашқы қарсыласы грузиялық «Торпедо» болды. Кутаисидегі бірінші ойында алаң иелері жеңісті жұлып әкетті.

Кездесудің 30-минутында есеп ашылды. Алаң иелерінің футболшысы Бёрн Йонсен қарымта шабуылдан соң көзге түсті. Бірақ «Ордабасы» бес минуттан соң жеңіп жатты. Алдымен Михай Кэпэцынэ  есепті теңестірсе, кейін Лука Имнадзе көзге түсті. Бірақ тайм соңына қарай Матей Шимич «Торпедоның» екінші голын салды.

Үзілістен кейін командалар үш доп соқты. 69-минутта Сағадат Тұрсынбай «Ордабасыны» қайта алға шығарды. Дегенмен он минуттан кейін алаң иелері Йонсеннің голымен жауап қатты. Өкінішке қарай, 94-минутта грузиялық команда жеңіс голын салды. Шимич бұрыштамадан соң ойын нүктесін қойды. 4:3 - «Торпедо» жеңіске жетті.

Енді 17 шілдеде командалар Шымкентте қарымта матч өткізеді. 

«Торпедо» (Кутаиси, Грузия) — «Ордабасы» (Шымкент) 4:3 (2:2)

Голдар: Йонсен 30, Кэпэцынэ 32, Имнадзе 35, Шимич 45+2, Тұрсынбай 69, Йонсен 79, Шимич 90+4.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или