Маусым рекорды. Бразилиялық қақпашы еуропалық голкиперлерді озды

«Флуминенсе» қақпашысы Фабио Лопес футбол әлемін таңғалдырып жатыр. 44 жасында ол соңғы 365 күнде клубтар мен ұлттық құрамалардағы кездесулерді қоса алғанда, ғаламшардағы кез келген қақпашыдан көп минут алаңда өткізген, деп хабарлайды Prosports.kz.
Статистикаға сәйкес, Лопес 5850 ойын минутын жинап, барлық қарсыласынан озып кетті. Ал үздік ондыққа Еуропаның топ-5 лигаларынан тек екі қақпашы енді — «Милан» қақпашысы Майк Меньян мен «Астон Вилла» голкипері Эмилиано Мартинес.
Соңғы 365 күнде ең көп ойын минутын өткізген қақпашылардың үздік ондығы:
1. Фабио Лопес («Флуминенсе») — 5850
2. Майк Меньян («Милан») — 5686
3. Вевертон Перейра («Палмейрас») — 5670
4. Уго Соуза («Коринтианс») — 5670
5. Луис Малагон («Америка») — 5626
6. Эмилиано Мартинес («Астон Вилла») — 5538
7. Энтони Морис («Юнион Сен-Жилуаз») — 5536
8. Лео Жардим («Васко да Гама») — 5490
9. Эверсон Маркес («Атлетико Минейро») — 5483
10. Стефан Тарновану («ФКСБ») — 5423.