Шавкат Рахмонов өзіне қымбат сыйлық жасады

Қазақстандық UFC файтері Шавкат Рахмонов Instagram парақшасында жаңа көлігін көрсетті. Жанкүйерлерге таныс «Номад» бұл жолы Mercedes-AMG G 63 тізгіндеген, деп хабарлайды Prosports.kz Спорт Шрёдингераға сілтеме жасап.
«Өзіңе өзің осылай сыйлық жасап тұрмасаң ешкім сені ойламайды….», – деп жазды Шавкат, темір тұлпар жанында түскен суретінің астына.
Mercedes-AMG G 63 – G-Class модельдерінің ішіндегі ең қуатты әрі беделді нұсқаларының бірі. 4.0 литрлік V8 турбоқозғалтқышпен жабдықталған көлік 585 ат күшіне ие. Сағатына 100 шақырым жылдамдыққа дейін небәрі 4,5 секундта жетеді.
Қазақстанда мұндай көлік құны 78-130 миллион теңге аралығында. Шавкаттың таңдауы – қара түсті мат кузовпен жасалған G manufaktur үлгісі болуы мүмкін.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или