Денис Никиша допинг-бақылау тізіміне енді

БАТЭ клубының сол қапталдағы шабуылшысы Роман Пилецкий Legalbet.kz тілшісіне Қазақстаннан ұсыныс түсті деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Бұл туралы бірінші рет сізден естіп тұрмын. Ешқандай ұсыныс жайлы хабарым жоқ. Ол мақала да көзіме түспеді», – деді футболшы.
Бұған дейін Пилецкийге Қазақстан клубынан қызығушылық барын «Свой футбол» бағдарламасының жүргізушісі Алексей Казыра мәлімдеген болатын.
22 жастағы Пилецкий бұған дейін Беларусь жастар құрамасына шақырылып, «Слуцк» пен «Нафтан» сапында арендада ойнаған. 2024 жылдан бастап БАТЭ-нің негізгі құрамында өнер көрсетіп жүр. 2025 жылғы маусымда Беларусь чемпионатының жоғарғы лигасында 15 матчта 3 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Transfermarkt мәліметінше, ойыншының нарықтық құны – 150 мың еуро. Оның БАТЭ-мен келісімшарты 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарамды.