Қыдыралиев қарсыласын бірінші раундта сұлатып түсірді

OCTAGON 1XBET SELECTION 52 турнирі аясында өткен аралас жекпе-жек кешінде қазақстандық файтерлер Али Кыдыралиев пен Айбек Керімов октагонда жолықты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жеңіл салмақтағы бұл айқас басталмай жатып-ақ шиеленіске толы болды — қарсыластар жекпе-жекке дейін-ақ жанжалдасып үлгерген. Бірақ шешуші сәт бірінші раундта орын алды.
Кыдыралиев раундтың алғашқы секундтарында ауыр оң қолымен дәл соққы жасап, қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Рефери бірден араласып, жекпе-жекті тоқтатты — Али Кыдыралиев мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Турнирдің титулды демеушісі – 1XBET букмекерлік компаниясы
Турнирдің ресми серіктесі - Gorilla Energy Drink
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или