Месси MLS рекордын жаңартты

MLS чемпионатының кезекті матчында «Интер Майами» сырт алаңда «Нью-Инглэнд Революшн» командасын 2:1 есебімен жеңіп, жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Алтын доптың» сегіз дүркін иегері аргентиналық Лионель Месси екі гол соқты - 27 және 38 минуттарда. «Нью-Инглэнд Революшн» сапындағы жалғыз голды 79-минутта испаниялық Карлес Хиль соқты.
Осылайша Месси MLS рекордын орнатып, бір маусымда қатарынан төрт дубль жасаған алғашқы ойыншы болды. Биылғы маусымда 38 жастағы футболшы 15 матчта 14 гол соққан.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или