АҚШ президенті клубтық әлем чемпионатының финалына қатыспақ

АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Нью-Джерси штатының Ист-Ратерфорд қаласында өтетін клубтық әлем чемпионатының финалдық матчына қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы ESPN агенттігі Ақ үйдегі үкімет отырысында айтылған сөздерге сілтеме жасап хабарлады.
ФИФА президенті Джанни Инфантино АҚШ үкіметіне және мемлекет басшысына көрсеткен қолдауы үшін алғысын білдірді:
«Біз клубтық әлем чемпионатын және келесі жылы өтетін футболдан әлем чемпионатын ұйымдастыруда Ақ үй жанындағы жұмыс тобынан үлкен қолдау алдық», – деді Инфантино ESPN басылымына.
Айта кетейік, Дональд Трамп өзінің екінші президенттік мерзімінде спорттық шараларға ерекше мән беріп келеді. Бұған дейін ол АҚШ тарихында алғаш рет қызметтегі президент ретінде Супербоул финалына қатысқан еді. Сондай-ақ, мамыр айында 2027 жылғы Ұлттық футбол лигасының драфты Вашингтонда өтетінін жариялады.